«Түркияны жасыл елге айналдырамыз»
Ердоған 11 қараша Ұлттық ағаш отырғызу күніне орай бейне хабарлама жариялады.
Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияны жасыл елге айналдыру және болашақ ұрпаққа әсем әрі көрікті ел қалдыру үшін бар күш-жігерімен жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.
Ердоған 11 қараша Ұлттық ағаш отырғызу күніне орай бейне хабарлама жариялады.
Президент Ердоған Түркияны жасыл елге айналдыру және келер ұрпаққа барлық жағынан жақсырақ мемлекет қалдыру үшін бар күшімен еңбек етіп жатқандарын айтты.
Президент "Болашаққа тыныс" ұранымен басталған ағаш отырғызу науқаны аясында 7 миллиардтан астам көшет отырғызылып, орман көлемі 12%-ға артып, 23,4 миллион гектарға жеткенін атап өтті. Сонымен қатар ол Түркия ағаш отырғызу жұмыстары бойынша Еуропада бірінші, әлемде төртінші орынға шыққанын мәлімдеді.
Бұл жылғы шараның тақырыбы ретінде бір жылдан астам уақыт бойы Палестинада жалғасып жатқан геноцидке және әлемнің түрлі аймақтарынан көмекке шақыру дауыстарына назар аудару мақсатымен " Болашаққа тыныс, адамзатқа тыныс" деп таңдалғанын айтты.
"Бүгін отырғызатын көшеттер адамзаттың болашағына қара көлеңке түсірген барлық зұлымдық, қырғын, геноцид және адамзатқа қарсы шабуылдарға қарсы үміт болып табылады деп сенемін. Біздің көшеттеріміз Газа қаласында қаза тапқан бауырларымызды және басқа да барлық бейкүнә адамдарды еске түсіреді", - деді Ердоған.
Ердоған барша адамзатты көшет отырғызуға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Ердоған Сириядағы оппозицияның мақсатының Дамаск екенін айтты
Президент Ердоған Стамбулда жұма намазынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.