«Терроризмді міндетті түрде жоямыз»

Президенті Ердоған терроризммен күресте табандылық көрсету туралы тағы бір рет мәлімдеме жасады.

2208807
«Терроризмді міндетті түрде жоямыз»

Президент Режеп Тайып Ердоған терроризммен күресте табандылық көрсету туралы тағы бір рет мәлімдеме жасады. Чанкая сарайындағы Министрлер кабинеті отырысынан кейін президент Ердоған өз сөзін Тәуелсіздік соғысының бас қолбасшысы және республиканың негізін қалаушы Гази Мұстафа Кемал Ататүрікті қайтыс болғанына 86 жыл толуына орай тағы бір мәрте еске алумен бастады. Терроризммен күреске тоқталған Президент:  "Терроризм болмайтын, бөлшектеуші ұйымның қараңғы көлеңкесі саясат пен қоғамнан толықтай жойылған, гүлденген, бейбіт және қауіпсіз ортаны елімізде міндетті түрде орнатамыз", - деді. 

Ердоған Түркияның Кандилдегі террорлық топтардың қолдауымен жүзеге асырылған қанішерлік және опасыз өлім тұзағын жоятынын және бұл жолдан ешқашан бас тартпайтынын ерекше атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар