Ердоған Сауд Арабиясына жолға шықты
Ердоған Араб Лигасының ортақ бастамасымен ұйымдастырылатын жиынға қатысады.
2208627
Президент Режеп Тайып Ердоған Сауд Арабиясына жолға шықты.
Ердоған Ислам Ынтымақтастық Ұйымы мен Араб Лигасының кезектен тыс бірлескен саммитіне қатысу үшін Анкарадағы Есенбоға әуежайынан Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядқа жолға шықты.
Таяу Шығыста артқан шиеленісті азайту мақсатында Араб Лигасының ортақ бастамасымен ұйымдастырылатын жиынға қатысатын Ердоған көптеген басшымен екіжақты кездесулер өткізеді.
Ердоған Сауд Арабиясы сапарынан кейін Әзербайжанда өтетін Климат саммитіне қатысады.