Стамбул, Анталия және Измир 100 бренд қала тізімінде
Жалпы рейтингте Стамбул 51-ші, Анталия 93-ші, Измир 98-ші орында.
2208130
Стамбул, Анталия және Измир биыл да 100 бренд қала тізіміне енді. Жетекші бренд бағалау компаниясы «Brand Finance» дайындаған «City Index 2024» зерттеуімен жарияланған сауалнамаға Түркия, Америка Құрама Штаттары, Германия, Австралия, Біріккен Араб Әмірліктері, Бразилия, Қытай, Индонезия, Франция, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея, Үндістан, Англия, Испания, Италия, Жапония, Канада, Мексика, Нигерия және Сауд Арабиясы сияқты 20 елден 15 мың адам қатысты.
Қалалар танымалдылық, бедел және артықшылық, сондай-ақ іскерлік өмір және инвестиция тарту, мәдениет пен мұра, ғылым мен білім, басқару, өмір сүру қолайлығы, халық және құндылықтар, тұрақтылық сияқты 7 негізгі тақырып пен 45 тақырыпша бойынша зерттелді.
Биыл да тізімнің алғашқы үштігіне Лондон, Нью-Йорк және Париж кірді. Токио 4-ші, Дубай 5-ші, Сингапур 6-шы, Лос-Анджелес 7-ші, Сидней 8-ші, Сан-Франциско 9-шы және Амстердам 10-шы тізімге ілікті.
Жалпы рейтингте былтыр 57-ші болған Стамбул биыл 6 саты жоғарылап, 51-ші орынға көтерілді. Сол тізімде Анталия 93-ші, Измир 98-ші орында. Сондай-ақ 3 мегаполистің негізгі табыс рейтингі жасалды. Стамбул 31-ші, Анталия 95-ші, Измир 100-ші орынды иеленді.
Сыйластық рейтингісі бойынша Стамбул 51-ші, Анталия 93-ші, Измир 97-ші орында.
Таңдау рейтингінде Стамбул 62-ші, Анталия 93-ші, Измир 97-ші орынға ие болды.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған «Адамзат құқықтарын сақтау - әлем елдері үшін жаһандық міндет» деді
Президент Ердоған 10 желтоқсан Адам құқықтары күніне орай хабарлама жариялады.