Нуман Куртулмуш Лоренцо Фонтанамен кездесті
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы G20 парламент төрағалары кездесуінде Италия Өкілдер Палатасының төрағасы Лоренцо Фонтанамен кездесті.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш G20 парламент төрағалары кездесуіне байланысты Бразилияда Италия Өкілдер Палатасының төрағасы Лоренцо Фонтанамен кездесті.
Кездесу барысында Түркия мен Италия арасындағы оң қарым-қатынастарды парламенттердің қолдауы керектігін атап өткен Куртулмуш екі ел арасындағы сауда айналымын 21 миллиард доллардан 30 миллиард долларға арттыру бойынша жұмыстардың маңызды екенін жеткізді.
Сонымен қатар Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы дағдарыстарды тоқтату үшін бейбітшілік көзқарасының қажеттігін айтқан Куртулмуш Израильдің Палестина мен Ливанға жасаған шабуылдарының өңірлік бейбітшілікке қауіп төндіретінін білдіріп, бұл агрессияны тоқтатуда Италияның бастама жасауының пайдалы болатынын мәлімдеді.
Куртулмуш Фонтананы Түркияға шақырды.
Мәжіліс төрағасы Бразилия Федералды Сенатының төрағасы Родриго Пачеко, Бразилия Өкілдер Палатасының төрағасы Артур Сезар Перейра де Лира және Оңтүстік Корея Ұлттық Мәжілісінің төрағасы У Вон-шикпен де жеке кездесулер өткізді.