Ердоған Венгрияда бірнеше ел басшыларымен кездесті

Ердоған француз әріптесі Эммануэль Макрон, Нидерланды премьер-министрі Дик Шуф және Дания премьер-министрі Метте Фредериксенмен кездесулерде аймақтық және жаһандық мәселелерді талқылады.

2208011
Ердоған Венгрияда бірнеше ел басшыларымен кездесті

Президент Режеп Тайып Ердоған француз әріптесі Эммануэль Макрон, Нидерланды премьер-министрі Дик Шуф ​​және Дания премьер-министрі Метте Фредериксенмен кездесті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының мәлімдемесінде Еуропалық саяси қоғамдастық саммитіне қатысу үшін барған Ердоған Макронмен кездесіп, аймақтық және жаһандық мәселелермен қатар Түркия мен Франция арасындағы қарым-қатынастарды талқылады. Кездесуде Президент Ердоған Түркия мен Францияның терең қарым-қатынастарын және сауда, экономикалық байланыстарды тереңдету екі елге пайда әкелетінін айтты.

Ердоған Түркияның Еуропалық Одаққа толыққанды мүшелігі стратегиялық перспектива негізде болатынын, процесті жандандырудың қажеттілік екенін және Кеден одағының (ЕО мен Түркия арасындағы) жаңаруы мен визаны жеңілдетуге (түрік азаматтары үшін) қатысты уәделер берілгенін айтты.

Ердоған «Украина-Ресей, Израиль-Палестина, Израиль-Ливан және осыған ұқсас шиеленістерді бейбіт негізде, дипломатиялық жолмен тоқтату барлық елдердің мүддесі екенін атап өтті.

Сонымен қатар Президент Ердоған Нидерланды премьер-министрі Шуфты қабылдады. Түркия-Нидерланды қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланған кездесуде Ердоған «байланысты жақсарту, сауда көлемін кеңейту және қорғаныс өнеркәсібі, жасыл және цифрлық трансформация және энергетика және басқа да салаларда ынтымақтастық мүмкіндіктерін арттыру үшін жұмыстар жалғасып жатыр» деді.

Президент Ердоған Түркияның Еуропалық Одаққа толық мүше болуы үшін жұмыс істеп жатқанын, процесті жандандыру мен Кеден одағын жаңарту Одақтың мүддесі екенін мәлімдеді.

Түркияның Украина, Палестина және Ливан сияқты әлемнің тыныштығын бұзған барлық дағдарыс аймақтарында бейбітшілік орнатуға тырысатынын және Израиль басқыншылығының таралуын тоқтату үшін халықаралық қауымдастықтың бірігіп жұмыс жасауының ерекше маңызды екенін атап өтті.

Мәлімдемеге сәйкес кездесуде Түркия мен Франция арасындағы екіжақты қарым-қатынастар, сонымен қатар аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.

Екіжақты қарым-қатынастар, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланған Дания премьер-министрі Метте Фредериксенмен кездесуде Ердоған Түркия-Дания қарым-қатынастарын өзара сауданы арттырып, нығайтып жатқандарын білдірді.

Президент Ердоған Одаққа мүше елдерден Түркияның Еуропа Одағына қосылу үдерісін жандандыру және Кедендік одақты күшейту үшін қадамдар күтілетінін және мұның Еуропа Одағын күшейтетінін білдірді.

Ердоған Израильдің Палестинада және Ливанда, әсіресе Газада адамзатқа қарсы қылмыс жасағанын, Израильге саяси және дипломатиялық қысымды арттыру үшін барлық елдердің күш салуының маңызды екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар