Фахреттин Алтун: «Түркия мықты саясат пен стратегия жүргізе бастады»
Алтун Стамбулда өткен көрме мен кітап тұсаукесеріне қатысты.
Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Түркияның 22 жылда өз атынан саясат пен стратегиялар жүргізе бастағанын айтты.
Фахреттин Алтун Стамбулда өткен «Қашу жоқ» көрмесі мен «21 ғасырдағы Түркияның мәдени мобилизациясы» симпозиумының ашылуы мен кітап тұсаукесер қатысты.
Түркияның соңғы 22 жылда үлкен қиындықтарды жеңіп, жетістіктерге жеткенін атап өткен Алтун террор ұйымдары мен оларды қорғайтын халықаралық күштермен күрескенін, Түркияның өз атынан саясат пен стратегиялар жүргізе бастағанын айтты. Алтун бұл жолда Түркияның гүлденгенін білдірді.
Түркияда қалыптасқан мәдени сананың тек ислам әлемі үшін емес, барлық қоғам үшін де шабыт көзі екеніне назар аударған Алтун Түркияның қоғамдық және мәдени дипломатия іс-әрекеттерінің де бұл үдерісте маңызды үлес қосқанын айтты.
Мәдени дипломатияның маңыздылығына тоқталған Алтун «Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА), Юнус Эмре институты, Шетелдегі Түріктер және Ағайын Қауымдастығы басқармасы, Түркия Телерадио Корпорациясы (TRT) және «Анадолы» агенттігінің мәдени жұмылдыру ісіне елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Алтун Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы ұйымдастырған «Қашу жоқ» атты көрмені Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой және Стамбул губернаторы Давут Гүлмен бірге ашты. Алтун көрмені аралап, еңбектер туралы ақпарат алды. Көрмеде АҚШ-тан қайтарылған «Кибеле» мүсіні, қызыл моншақты алтын алқа, Англиядан қайтарылған тұмсықты құмыра мен Құран Кәрім сынды жәдігерлер қойылған.