Бірікен Ұлттар Ұйымынан ортақ хат
Түркия басшылығында Израильге қару-жарақ тасымалдауды тоқтатуды талап ететін ортақ хат жарияланды.
Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы (БҰҰ) тұрақты өкілі Елші Ахмет Йылдыз Түркия басшылығында Израильге қару-жарақ тасымалдауды тоқтатуды талап ететін ортақ хат бастамасына байланысты мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде «Бұл бастама Газа, Палестина аумақтарындағы, Ливандағы және жалпы Таяу Шығыстағы халықаралық құқықтың бұзылуына қатысты алаңдаушылықты көрсетеді» деді.
Йылдыздың БҰҰ-да өткізген баспасөз мәслихатына ортақ хатты қолдаған 52 ел мен 2 халықаралық ұйымның өкілдері де қатысты. Барлық қолдаушылар атынан сөйлеген Йылдыз «Бұл бастама Газа, Палестина аумақтарындағы, Ливандағы және жалпы Таяу Шығыстағы халықаралық құқықтың бұзылуына қатысты алаңдаушылықты көрсетеді» деді.
Бейбіт тұрғындардың қорғалуына, халықаралық құқықтың бұзылуына, заңсыз басып алу мен шабуылдарға қарсы ортақ ұстанымда екенін атап айтқан Йылдыз «Бірлескен хатымызда біз Израильге қару-жарақ, оқ-дәрі және оған қатысты құрал-жабдықтарды жеткізуді немесе жөнелтуді тоқтату үшін шаралар қабылдауды талап еттік» деді.
Елші Йылдыз бейбіт тұрғындардың, әсіресе әйелдер мен балалардың зардап шегуі қабылданбайтынына назар аударып, осы қорқынышты азапты тоқтату және аймақтық тұрақсыздыққа жол бермеу үшін шұғыл қадамдар жасау керектігін атап өтті.
Барлық мүше мемлекеттерді халықаралық құқық алдындағы міндеттемелерін орындауға шақырған Йылдыз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне бейбітшілікті қорғау және сақтау міндетін орындауын талап ететінін қайталады.
Йылдыз жан-жақты атысты тоқтату, тұрақты және әділ бейбітшілік үшін қадамдар жасаудың заңды ғана емес, моральдық міндет екенін айтты. Йылдыз бұл мәселеде БҰҰ-ның да ауыр сынға ұшырағанына назар аударды.
«БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі, БҰҰ Бас Ассамблеясы және БҰҰ Бас хатшысы атысты тоқтатуда және БҰҰ-ны құтқаруда белсенді шешім жолдарын таба алады» деді.