Мехмет Шимшек Қытайда

Қазына және қаржы министрі Түркия-Қытай үкіметаралық ынтымақтастық комитетінің отырысына қатысады.

2207544
Мехмет Шимшек Қытайда

Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек Қытайдың бас қаласы Бейжіңде кездесулер өткізіп, екі ел арасындағы ең жоғары деңгейдегі кеңесу тетігі болып табылатын Түркия-Қытай үкіметаралық ынтымақтастық комитетінің отырысына қатысады.

Министр Шимшек екіжақты кездесулер де өткізеді. Іссапар аясында Қытай вице-президенті Хань Чжэн және қытайлық инвестиция компанияларының жоғары лауазымды тұлғаларымен кездеседі. Кездесулерде саяси екі жақты қарым-қатынастармен қатар энергетика, өнеркәсіп және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық, сауда және экономикалық мәселелер де талқыланады.



Ұқсас жаңалықтар