Хакан Фидан Грекияға барады
Іссапар аясында Грекия Сыртқы істер министрі Йоргос Ерапетритиспен кездеседі.
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан ертең Грекияға іссапармен барады.
Министрліктің жазбаша мәлімдемесінде «министріміз 8 қарашада Грекияға іссапармен барады. Грекия Сыртқы істер министрі Йоргос Ерапетритиспен кездесулерде екіжақты қарым-қатынастар, аймақтық және халықаралық мәселелер талқыланады» делінген.
Хакан Фидан Афина сапары алдында Грекия баспасөзіне сұқбат берді. «Ta Nea» газетінің сұрақтарына жауап берген Фидан Президент Режеп Тайып Ердоғанның «Эгейді бейбітшілік теңізіне айналдыру» мақсатын түсіндірді.
Грекиялық әріптесі Йоргос Ерапетритиспен кездесетін Фидан диалогқа ашық және нәтижеге бағытталған көзқараспен мәселелерді дағдарысқа айналдырмай шешуге тырысатындарын айтты. Министр Фидан «Досым Йорго екеуміз телефонмен тәулік бойы хабарласа алатын жағдайдамыз» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Ердоған Сириядағы оппозицияның мақсатының Дамаск екенін айтты
Президент Ердоған Стамбулда жұма намазынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.