Будапештте жалған ақпаратпен күресу туралы жиын өтті

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы ұйымдастырған жиынға түрік және венгр ғалымдары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен дипломаттар қатысты.

2207892
Будапештте жалған ақпаратпен күресу туралы жиын өтті

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы Венгрияның астанасы Будапештте «Еуропада жалған ақпаратпен күрес: берік және қауіпсіз болашақ құру» атты жиын өткізді.

Кездесуде жалған ақпараттың таралу динамикасы мен салдары және осы мәселенің алдын алу стратегиялары талқыланды.

Кездесуге қатысқан түрік және венгр ғалымдары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен дипломаттар жалған ақпараттың ұлттық және жаһандық қауіпсіздікке тигізетін кері әсері мен халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының төрағасы Фахреттин Алтун бейне үндеуінде жалған ақпараттың демократиялық процестер мен қоғам тыныштығына қауіп төндіретінін айтты.

Алтун жалған ақпаратпен күресте демократиялық процестердің жүзеге асырылуы, халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың сақталуы қоғам тыныштығы үшін маңызды екенін айтты.

Түркияның Венгриядағы елшісі Гүлшен Каранис Экшиоғлу жалған ақпараттың жаһандық проблемаға айналғанын, Түркия мен Венгрияның ынтымақтастығын арттыруы керектігін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар