Бір аптада 38 террорист залалсыздандырылды
Осылайша 1 қаңтардан бері залалсыздандырылған лаңкес саны 2457-ге жетті.
2207803
Соңғы аптада Ирак пен Сирияның солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-нің 38 террористі залалсыздандырылды.
Ұлттық Қорғаныс министрлігі Ирак пен Сирияның солтүстігінде жалғасып жатқан операциялар туралы мәлімет жариялады. Осыған сәйкес соңғы аптада Ирак пен Сирияның солтүстігінде жүргізілген лаңкестікпен күрес операциялары арқылы 38 террорист залалсыздандырылды.
Осылайша 1 қаңтардан бері залалсыздандырылған лаңкестердің саны 2457-ге жетті.
Брифингте лаңкестікпен күрестің жалғасып жатқаны баса айтылды.
Соңғы аптада сепаратистік террор ұйымынан қашқан тағы екі террорист Жизре мен Ыгдырдағы шекара бекеттеріне барып берілді.