Мұнай және табиғи газ өндіруде рекорд

Бұл туралы Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар мәлімдеме жасады.

2207400
Мұнай және табиғи газ өндіруде рекорд

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар ​​қазан айында мұнай және табиғи газ өндіруде айлық және күнделікті көрсеткіште рекорд жаңартқандарын мәлімдеді.

Министрлік жасаған жазбаша мәлімдемеге қарағанда қазан айында шикі мұнай мен табиғи газ өндірісінде жаңа рекорд орнатылды. Осы кезеңде отандық шикі мұнай өндірісі ай сайын 3 миллион 361 мың 725 баррель және табиғи газ өндірісі 234 миллион 384 мың 17 текше метрмен бұрын-соңды болмаған рекордқа жетті. Шикі мұнай өндірісінің 46,6 пайызы Габардан, ал табиғи газ өндірісінің 84 пайызы Сакария газ кенішінен алынды. Тәуліктік орташа мұнай өндіруде ең жоғары деңгей қазан айында 108 мың 443 баррель, табиғи газ өндіруде жоғары көрсеткіш 7 миллион 568 мың 242 текше метр болды.

Мәлімдемеде министр Байрактар ​​«Қазан айында мұнай және табиғи газ өндіруде ай сайын да, күн сайын да жаңа жетістіктерге жеттік. Бұл 3 миллион 361 мың 725 баррель шикі мұнай, 234 миллион 384 мың 17 текше метр табиғи газды  ең жоғары көрсеткіште алдық» деді.

Байрактар ​​Түркияның өсіп, халық саны мен қажеттіліктерінің артқанын айтты. «Жаңа кен орындарында мұнай мен табиғи газдағы өндірісімізді жаңа барлау және жаңа бұрғылау арқылы арттырамыз. Сомалиде сейсмикалық әрекеттерін 2012 жылы бастаған «Оруч Рейс» сияқты әртүрлі аймақтарда жаңа қорлар мен жаңа ізденістерге ұмтыламыз. Мақсатымыз – энергетикада тәуелсіз Түркия болу» деді.



Ұқсас жаңалықтар