Фахреттин Алтун: «Түркия жалған ақпаратпен күресуді негізгі саясат саласы ретінде белгіледі»
Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы Будапештте «Еуропадағы жалған ақпаратпен күрес: тұрақты және қауіпсіз болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Түркияның жалған ақпаратпен күресуді негізгі саясат саласы ретінде белгілегенін айтты. Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы Будапештте «Еуропадағы жалған ақпаратпен күрес: тұрақты және қауіпсіз болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Фахреттин Алтун салауатты қарым-қатынастың маңыздылығына назар аударып, цифрлық дәуірдің ең үлкен проблемаларының бірі жалған ақпарат екенін айтты.
Түркияның жалған ақпаратпен күресуді негізгі саясат саласы ретінде белгілегенін және бұл бағытта ұлттық және халықаралық деңгейде нық қадам қадам жасалғанын мәлімдеді. Ол сонымен қатар цифрлық мәселелерді шешу халықаралық ынтымақтастықты қажет ететінін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Ердоған Сириядағы оппозицияның мақсатының Дамаск екенін айтты
Президент Ердоған Стамбулда жұма намазынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.