Түркия- Қытай ынтымақтастығы талқыланады
Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек Түркия-Қытай Үкіметаралық ынтымақтастық комитетінің кездесуіне қатысу үшін Пекинге барады.
Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек 7 қарашада Түркия мен Қытай арасындағы ең жоғарғы деңгейдегі консультациялық механизм болып табылатын Түркия-Қытай Үкіметаралық ынтымақтастық комитетінің екінші кездесуіне қатысу үшін Пекинге барады.
Министр Шимшек Пекиндегі ресми іссапары барысында алдымен 6 қарашада «Орта дәліз» бастамасы мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасын үйлестіру мәселелерін талқылау мақсатымен Бірлескен жұмыс тобының кездесуіне қатысады.
Министр Пекинде екіжақты кездесулер де өткізеді. Ол Қытай Мемлекеттік кеңесінің орынбасары Хан Чжэн және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкісінің басшысы Цзин Лицюньмен кездесіп, Қытайдың Сауда- өнерсәсіп банкі (ICBC) және Қытай Банкінің (Bank of China) жетекші қаржы және инвестициялық компанияларының жоғары лауазымды өкілдерімен де кездесулер өткізеді.
Кездесулерде екі ел арасындағы сауданы теңгерімді әрі тұрақты дамыту және Қытайдан Түркияға инвестицияларды тарту мәселелері бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылады.