Ердоған стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысына қатысты

Ердоған бірінші дәрежелі «Манас» орденімен марапатталды.

2206714
Ердоған стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысына қатысты
erdogan-caparov togg.jpg
erdogan-caparov manas nisani takdimi.jpg

 

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия-Қырғызстан сауда байланыстарын одан әрі арттыратындарын айтты. Ердоған Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысында сөз сөйледі.

Екі елдің қауіпсіздік мекемелері арасындағы ынтымақтастық оқу іс-әрекеттері мен техникалық қолдау жобаларымен сәтті жалғасып жатқанын айтқан Ердоған: «Фетуллахшы террор ұйымы сияқты террордың барлық түріне қарсы күресіміздің тоқтаусыз жалғасатынына сенемін. Бүгін қол қойылатын қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісім арқылы ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуды қалаймыз» деді.

Израильдің Палестинада, әсіресе Газада жалғасып жатқан зұлымдықтарының жаһандық деңгейде ар-ожданды жаралағанын айтқан Ердоған: «Израильдің Ливанға жасаған шабуылдары қазір бүкіл аймақ пен халықаралық жүйенің қауіпсіздігіне қауіп төндіруде. Шушада (Әзербайжан) өткен Түркі Мемлекеттері Ұйымының бейресми саммитінде біз Газадағы бейбіт тұрғындардың бейберекет нысанаға алынуын айыптап, тез арада атысты тоқтатуға және гуманитарлық көмек көрсетуге шақырдық. Түрік әлемі ретінде Палестина мәселесінің тұрақты және әділ шешімі үшін талпынысымыз өте маңызды» деді.

«Біздің көпжақты бастамаларымызға, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Израильге халықаралық қысымды арттыруға қолдау көрсеткені үшін Қырғызстанға алғыс айтқым келеді» деді Президент.

Сонымен қатар Президенттік сарайда өткен салтанатта Жапаров Ердоғанға «Қырғыз Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытуға және екі ел халқы арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесі үшін» бірінші дәрежелі «Манас» орденін табыстады.

Ердоған Садыр Жапаровқа Түркияның «TOGG»  электр көлігін сыйға тартты.

Президент Ердоған Түркі Мемлекеттері Ұйымы Мемлекет басшылары кеңесінің 11-ші саммитіне қатысу үшін Бішкекке аттанған болатын.



Ұқсас жаңалықтар