«TOGG» Түркияда бірінші орында

«TOGG» түрік электрлік көлік нарығында жылдың 9 айлық кезеңінде 17 мың 49 сатылым және 29 пайыздық нарық үлесімен бірінші орынға шықты.

2205561
«TOGG» Түркияда бірінші орында

 

Өндірісі үздіксіз жалғасып жатқан «TOGG» жолдарда күн сайын артып келеді.

Түркияның «TOGG» автокөлігінің «X» әлеуметтік желі парақшасындағы жазбасында «үздіксіз жаңартумен жаңа болып қала беретін «T10X»-ке қызығушылық танытқаныңыз үшін рақмет. Жылдың алғашқы 10 айында 20 мыңнан астам автомобиль шығардық. Біз мақтанамыз. Осы жолда пайдаланушыларымызға 40 мыңға жуық «T10X» ұсынғанымызға қуаныштымыз» делінген.

Өндірісі 2023 жылдың наурызында басталып, мамыр айында тұтынушыларымен табысқан отандық көліктің осы кезеңде 40 мыңға жуығы сатылған.

Жаңа түс опциясы қосылған «TOGG»-тың жетінші түсі «Айдер жасылы» алғашқы күннен бастап көпшіліктің назарын аударды. Сонымен қатар «T10X» моделі жаңартуларды жалғастыруда. Жаңартылған бағдарлама арқылы пайдаланушылар жайлылық пен қауіпсіздікті одан әрі арттыратын 7 жаңа мүмкіндікке ие болады. Жол белгілерін анықтаудан бастап, артқы жолдағы соқтығысты және артқы көлденең жол қозғалысы туралы ескертуге дейін, смарт жолақты бақылау жүйесінен жолақтан шығу туралы ескертуге дейін көптеген мүмкіндіктер «TOGG»  пайдаланушыларына қолжетімді болады. Тоқтау функциясы бар адаптивті круиз-бақылау жүйесі және адаптивті драйвер көмекшісінің мүмкіндіктері де стандарт және ақысыз орнатылады.

«TOGG» түрік электрлік көлік нарығында жылдың 9 айлық кезеңінде 17 мың 49 сатылым және 29 пайыздық нарық үлесімен бірінші орынға шықты.



Ұқсас жаңалықтар