Террормен күрес жалғасуда
Бұл туралы Ұлттық Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады.
2205565
Сирия мен Ирактың солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшесі 15 террорист залалсыздандырылды.
Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Түрік Қарулы күштерінің Сирияның солтүстігіндегі «Евфрат қалқаны» және «Бейбітшілік бұлағы» аймақтарында 11 PKK/YPG террористі мен Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-Килит» операциясы аймағында анықталған 4 PKK террористін залалсыздандырғаны айтылды.
Мәлімдемеде «Аймақтағы күресіміз барлық ауа-райы мен түрлі жағдайларға қарамастан үзіліссіз жалғасады» делінген.