Емине Ердоған Сенегал Президентінің жұбайымен кездесті

Бұл туралы бірінші ханым әлеуметтік желі парақшасында видео жариялады.

2205570
Емине Ердоған Сенегал Президентінің жұбайымен кездесті
emine erdogan-senegal marie khone faye.jpg
emine erdogan-senegal marie khone faye.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоған Сенегал Президенті Бассиру Диомае Файе мен жұбайы Мари Хон Файенің Түркияға жасаған ресми сапарының екі ел арасындағы байланысты нығайтып, ортақ болашаққа қадам басатынына сенім білдірді.

Бірінші ханым Ердоған әлеуметтік желі парақшасында Сенегал Президенті Файе мен жұбайының Түркияға ресми сапарының видеосын жариялады.

Видеода Емине Ердоғанның Мари Хон Файемен Африка мәдениет үйі мен Президенттік ұлттық кітапханаға сапары және Насреддин Кожа балалар кітапханасында балалармен сұқбаты таспаланған.

Бірінші ханым видеоға байланысты жазбасында «Сенегал Президенті мен оның құрметті жұбайының ресми сапары екі елдің байланыстарын нығайтып, ортақ болашаққа қадам басуына себепші болады деп үміттенемін» деген.



Ұқсас жаңалықтар