«Түркия— 85 миллион азаматтың ұясы»

Президент Режеп Тайып Ердоған Әділет және даму партиясының кездесуінде тағы бір рет бірлік және ынтымақтастық туралы сөз сөйледі.

2204517
«Түркия— 85 миллион азаматтың ұясы»

 

Президент Режеп Тайып Ердоған тағы бір рет бірлік және ынтымақтастық туралы сөз сөйледі.


Президент Ердоған Әділет және даму партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі отырысында сөз сөйледі.


Ердоған кеше 29 қазан Республика күнінің ерекше ықыласпен тойлағанын айтты.


Шетелдегі өкілдіктерде және Солтүстік Кипр Түрік Республикасында да 29 қазан қуанышы салтанатты іс-шаралар өткізіліп, мақтанышпен тойланғанын жеткізген Ердоған сыртқы миссияларды аралап, хабарлама жіберіп, мерекелік қуанышты бөліскен халық пен көшбасшыларға алғыс білдірді.


Сонымен бірге президент Ұлт- азаттық соғысында Отан үшін ерлікпен шайқасқан барлық шейіттер мен ардагерлерді еске алды.


“Республика – белгілі бір адамның, топтың, қауымның, діннің, діни ағымның, этникалық тектің Республикасы емес," - деген Ердоған "Бұл республика— түріктің де республикасы, түрік болғандай, әрине, күрттің де республикасы." сөздерін қосты.


Президент Ердоған “Бүгін Республикамыз 85 миллион азаматымыздың біртұтас, мықты, тік тұрған ұясы. Республикамыз— ұлы халқымыз бен кең географиямыз үшін үміт пен сенім нышаны" деді.


Террормен күрестегі табандылықты білдірген Ердоған «Ұлтқа 40 жылдық саяси қызметімізде осы мәселені еліміздің күн тәртібінен толығымен жоюды көздеп отырмыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар