Хакан Фидан Дэвид Ламмимен кездесті

Кездесуде екіжақты қарым-қатынас пен ынтымақтастыққа қатысты мәселелер жан-жақты талқыланды.

2204493
Хакан Фидан Дэвид Ламмимен кездесті

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Ұлыбританияның бас қаласы Лондонда британдық әріптесі Дэвид Ламмимен кездесті.

Бұл сапар - Хакан Фиданның екіжақты форматтағы алғашқы ресми сапары.

Министр Фидан мен Ламми екіжақты қарым-қатынас пен ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді жан-жақты талқылады.  

Еркін сауда келісімін кеңейту, энергетика және көлік салаларындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін зерттеу де күн тәртібінде болды.

Кездесу барысында қорғаныс өнеркәсібі саласындағы әлеуетті қадамдар да талқыланды.

Сонымен қатар терроризмге қарсы күресте ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді.

Аймақтық мәселелер де талқыланған жиында Түркияның Газадағы гуманитарлық дағдарысты шешуге бағытталған талпыныстары да айтылды.



Ұқсас жаңалықтар