Ердоған: «Түркияны бағытынан тайдыру мүмкін емес»
Президент Ердоған Министрлер кабинеті отырысынан кейін мәлімдеме жасады.
Президент Режеп Тайып Ердоған «Түркияның мақтанышы қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктерімізді табандылықпен жалғастырамыз» деді.
Президент Ердоған кеше Президенттік кешендегі Министрлер кабинеті отырысынан кейін мәлімдеме жасады.
Татарстанның астанасы Қазанға қонғаннан кейін Кахраманказанда «TUSAŞ» кампусына жасалған опасыз лаңкестікте еліміздің 4 азаматы мен 1 азаматшасының шейіт болғаны туралы хабар алғанын және шабуылдың уақыты мен таңдалған нысаны кездейсоқ емес екенін айтқан Президент «қанмен қоректенетін террор барондары аймағымыздан жаңа қожайындар іздеп жатқан сияқты. Түркия Республикасы ретінде біз олардың ниетіне мән бермейміз» деді.
Президент Ердоған Анкарадағы шабуылдан кейін террор ұйымына тиесілі 470-тен астам нүктенің нысанаға алынғанын, 213 террористтің залалсыздандырылғанын атап өтті.
Президент «терроризмнің, қандықол қанішерлердің, мәңгүрт қожайындарының және оларды пайдаланатын бастықтарының бізге күш көрсетуі мүмкін емес. Террор барондары түрік саясатына араласа алмайды. Олар 85 миллион адамның арасына арандатушылық орната алмайды. Елді өз бағытынан тайдыру мүмкін емес» деді.
Ердоған Түркияның мақтанышына айналған қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктерін табандылықпен жалғастыратынын айтты.
Президент Ердоған түрік экономикасының негізгі көрсеткіштерінің жақсарып жатқанын атап көрсетіп, «Біз Түркияның мүддесі қай жерде болса сонда барамыз. Ел мүддесі бағытында ынтымақтастықты дамытамыз. Сыртқы саясатымыздың негізгі тірегі – Түркияның мүддесі» деді.
Президент Ердоған өз сөзінде 2018 жылы алғаш рет ұйымдастырылған SAHA EXPO 2024 көрмесінде қорғаныс өнеркәсібінің мақтанарлық өнімдерін жеке көру мүмкіндігіне ие болғанын айтты.
Жәрмеңкені 150 мыңнан астам адам тамашалағанын айтқан Ердоған SAHA EXPO-ның қорғаныс саласында 300-ден астам делегация, 150-ден астам сатып алушы, 120-дан астам елден жоғары деңгейлі қатысушылар және 1400-ден астам фирмамен өзін дәлелдегенін атап өтті.
Ердоған «еліміздің әлемде мақтанышы болып отырған қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктерімізді табандылықпен жалғастырамыз» деді.