Ердоған Стамбулда қауіпсіздік жиналысын өткізді
Жиналыста терроризммен күреске байланысты жасалған және жасалатын қадамдар жан-жақты талқыланды.
2202856
Президент Режеп Тайып Ердоған БРИКС саммитінен кейін Татарстаннан Стамбулға оралып, қауіпсіздік жиналысын өткізді.
Жиналыста Анкарадағы Түрік авиациясы және ғарыш өнеркәсібі ғимаратында 5 адам шәйіт болған террорлық шабуылға қатысты соңғы оқиғалар мен терроризммен күреске байланысты жасалған және жасалатын қадамдар жан-жақты талқыланды.
Жиында террорсыз Түркия үшін терроризммен күрестің табандылықпен жалғасатыны және шекарадан тыс терроризмнің құрылуына жол берілмейтіні баса айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық барлау ұйымы 2 қойма, 12 жүк көлігі және 2 танкты жойды
Террор ұйымы PKK/YPG Асад режимінен алынған әскери жабдықтарды иемденді.