Ішкі істер министрі: «Бір террорист анықталды»
Кеше Анкарада террорлық шабуыл жасаған екі террористің бірінің бөлшектеуші террористік ұйым «PKK» мүшесі екені анықталды.
Анкараның Кахраманказан ауданындағы Түрік авиациясы және ғарыш өнеркәсібі акционерлік қоғамына (TUSAŞ) кеше террорлық шабуыл жасаған екі террористтің бірінің бөлшектеуші террористік ұйым «PKK» мүшесі екені анықталды.
Ішкі істер министрі Али Йерликая «TUSAŞ-қа» ұйымдастырылған террорлық шабуылда залалсыздандырылған террористтің бөлшектеуші террористік ұйым «PKK» мүшесі «Рожгер» кодты Али Өрек екенін хабарлады.
Йерликая әлеуметтік желідегі парақшасында: «Кеше «TUSAŞ-та» болған опасыз террорлық шабуылда жойылған террорист анықталды. Опасыз— «PKK» террористік ұйымының мүшесі «Рожгер» кодты Али Өрек. Әйел террористті анықтау жұмыстары жалғасуда. Шейіттерімізге тағы бір рет Алладан рақым, жаралыларымыздың тез сауығып кетуін тілеймін. Ешбір террорлық шабуыл бізді жасыта алмайды, халқымызды тоқтата алмайды." - деп мәлімдеді.
Террорда 5 адам шейіт болды.
Ұқсас жаңалықтар
Елшілердің 15-ші конференциясы өтеді
Конференцияға Түркияның 146 елшілігі және 13 тұрақты өкілдігінен елшілер қатысады.