Ливаннан түрік азаматтары эвакуацияланды

169 жолаушы мінген ұшақ Чукурова әуежайына қонды.

2200153
Ливаннан түрік азаматтары эвакуацияланды

Ливаннан кеткісі келетін түрік азаматтары үшін Бейруттен ұшатын чартерлік ұшақ Стамбул әуежайына қонды.

Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен Ливаннан кеткісі келген түрік азаматтарына арналған 169 жолаушы мінген чартерлік ұшақ алдымен Чукурова әуежайына қонды. Рәсімдеуден кейін 110 түрік азаматы әуежайдан басқа бағыттарға жол алса,  қалған 69 жолаушы арнайы ұшақпен Стамбул әуежайына келді.

Әуежай алдында баспасөзге мәлімдеме жасаған азаматтар Түркияға оралғандарына қуанышты екендіктерін айтты. Паспорттық рәсімдеуен кейін азаматтар жүктерін алып, әуежайдан шықты.

 



Ұқсас жаңалықтар