Түркия мен Венгрияның серіктестігі

Түркия мен  Венгрияның мәжіліс төрағалары Анкарада кездесті.

2199867
Түркия мен Венгрияның серіктестігі

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш Венгрияның Түркияның Еуропа Одағы көзқарасын қолдайтын маңызды одақтас екенін білдірді.


Нуман Куртулмуш Анкарадағы Венгрия Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Ласло Кёвермен кездесуінен кейін өткен бірлескен баспасөз конференциясында сөз сөйледі. Куртулмуш екі ел арасындағы қатынастардың соңғы кезеңдегі стратегиялық серіктестік деңгейінің артқанына назар аударды.


Венгрияның Еуропа Одағына төрағалық ету кезеңі Түркия мен Еуропа Одағы арасындағы қатынастарды дамытуда пайдасын тигізетінін айтқан Куртулмуш екі ел арасындағы сауданың артатынына сенім білдірді.


Кёвер де Түркияның Еуропа Одағына мүше болуын қолдайтындарын, екі ел арасындағы қатынастардың тек саудамен ғана емес, мәдениет пен ғылым саласында да дамитынын атап өтті.


Екі тарап аймақтық бейбітшілік және ынтымақтастық мәселелері бойынша ортақ пікірде екендерін баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар