Стамбулда 15-ші Түрік-Араб экономикалық форумы басталды
Форумда Мехмет Шимшек жаһандық жасанды интеллект төңкерісіне назар аударды.
Стамбулда 15-ші Түрік-Араб экономикалық форумы басталды. Форумға Кувейт, Ирак, Мысыр, Ливия және Тунистің үкімет, бизнес және қаржы секторының өкілдері қатысты.
Форум аясында өткізілген «Түркия және Араб әлемі: жаһандық инвестиция, сауда және технология дәлізі» атты панельді Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек жүргізді.
Жаһандық жасанды интеллект төңкерісіне тоқталған Мехмет Шимшек «өнеркәсіпте ғана емес, әрбір салада төңкеріс болады. Сондықтан біз бұл төңкерісті жіберіп алмаймыз. Халық жыл өткен сайын қартаюда. Қақтығыстар мен геосаяси шиеленістер де қауіп төндіруде. Мұның барлығы жаһандық өсімді төмендетеді» деді.
Жаһандық экономикадағы мәселелерге де назар аударған Мехмет Шимшек «Түрік және араб әлемі арасында экономикалық дәліздер дамуы керек» деді.
Жаһандық ақша саясатының аздап босаңсып, алдағы жылдарда жаһандық сауданың шектеулі деңгейде жалғасатынын айтқан министр «қиындықтар бар, бірақ мүмкіндіктер де бар» деді.
Шимшек Түркия мен араб әлемі арасында өте пайдалы ынтымақтастықтарға қол жеткізуге болатынын айтып, тараптардың көптеген салада бір-бірін толықтыра алатын әлеуеті бар екеніне назар аударды.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Ердоған Сириядағы оппозицияның мақсатының Дамаск екенін айтты
Президент Ердоған Стамбулда жұма намазынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.