ABU жиыны Стамбулда өтеді
Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағы Түркия Радио Теледидар Мекемесі ұйымдастыруымен Стамбулда бас қосады.
Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағы (ABU) Түркия Радио Теледидар Мекемесі (TRT) ұйымдастыруымен Стамбулда бас қосады.
TRT-де жасалған хабарламаға сәйкес 18-23 қазан аралығында "Жасанды интеллект, баспасөз және қоғам" тақырыбымен өтетін "61- ші ABU жиынына" 60-қа жуық елден 400-ден астам хабар тарату ұйымы қатысады.
Бес күнге созылатын бұл іс- шарада конференциялар мен панельдер өткілізіп, «13- ші ABU TV ән фестивалі» де ұйымдастырылады.
2023 жылдан бері ABU басшылығын атқарып келе жатқан TRT-ның бас директоры Мехмет Захид Собаджының қатысуымен өтетін кездесулерде жасанды интеллект технологияларының баспасөздің болашағына қалай әсер ететіні, цифрландыру процесі және осы трансформацияның қоғамдық аспектілері талқыланады.
«13- ші ABU TV ән фестивалі» 20 қазанда Стамбул Лүтфи Кырдар атындағы халықаралық конгресс және көрме сарайында өтеді.
Азия-Тынық мұхиты аймағының мәдени байлықтарын таныстыратын бұл шара 11 елдің өнерпаздарын бір сахнада кездестіріп, аймақ халықтарының музыка өнерін насихаттауды мақсат етеді.
Түркияның атынан әнші Синан Акчыл қатысады. «ABU TV ән фестивалі» «TRT Müzik» арнасынан тікелей эфирде көрсетілетін болады.
Телевизия, радио және цифрлық медиа саласында 15 категория бойынша өткізілетін байқаудың жеңімпаздарына «ABU марапаттау рәсімінде» сыйлықтар табыс етіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Ердоған Сириядағы оппозицияның мақсатының Дамаск екенін айтты
Президент Ердоған Стамбулда жұма намазынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.