«Халықаралық астронавтика» конгресі 2026 жылы Анталияда өтеді

Бұл туралы Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр мәлімдеді.

2199257
«Халықаралық астронавтика» конгресі 2026 жылы Анталияда өтеді

Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр Италияның Милан қаласында ұйымдастырылған әлемнің ең үлкен ғарыш конференциясы «Халықаралық астронавтика» конгресіне қатысқанын мәлімдеді.

 

Каджыр әлеуметтік желі жазбасында биыл 75-ші рет өткізілген конгрестің 2026 жылы Анталияда өтетінін айтты.

«Халықаралық астронавтика» конгресіне әлемдегі ең үлкен ғарыш конференциясы екеніне назар аударған Каджыр әлемнің түкпір-түкпірінен ұлттық ғарыш агенттіктерін, сала басшыларын және ғалымдарды  біріктірген конгресте нәтижелі кездесулер өткізгендерін айтты.

 

Конгреске Түркиядан компаниялардың қатысқанын айтқан Каджыр «Түркия павильонында ғарыш және қорғаныс технологиялары саласындағы еліміздің жетекші мекемелері мен компаниялары Түркияның көрнекті жобаларын, біздің ғарыштық бағдарламамызды және 2026 жылы Анталияда өтетін «Халықаралық астронавтика» конгресін насихаттап жатыр. Біз ғарышты зерттеуде жетекші ел болу үшін және ұлттық ғарыш бағдарламасында табысқа жету үшін халықаралық ынтымақтастығымызды нығайта береміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар