Ертең Стамбулда 15-ші Түрік-Араб экономикалық форумы өтеді
Форумға Түркия Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек қатысады.
2199335
Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшектің қатысуымен ертең Стамбулда «Түркия және Араб әлемі: инвестиция, сауда, технологиядағы жаһандық дәліз» тақырыбымен 15-ші Түрік-Араб экономикалық форумы өтеді.
Кездесуге Кувейт, Ирак, Мысыр, Ливия және Тунис елдерінің үкімет, бизнес және қаржы секторының өкілдері қатысады.
Форумда Түркия мен араб елдері арасындағы инвестиция, банк ісі, исламдық қаржыландыру, финтех, капитал нарықтары, сыртқы сауда, энергетика, өнеркәсіп, технология және құрылыс салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланады.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Ердоған Сириядағы оппозицияның мақсатының Дамаск екенін айтты
Президент Ердоған Стамбулда жұма намазынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.