«БҰҰ-ның Бас хатшысымен келесі кездесу Түркия және Грекияның қатысуымен өтеді»

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Президенті Ерсин Татар Оңтүстік Кипр Грек Әкімшілігінің басшысы Никос Христодулидиспен БҰҰ ғимаратында кездесті.

2199215
«БҰҰ-ның Бас хатшысымен келесі кездесу Түркия және Грекияның қатысуымен өтеді»

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Президенті Ерсин Татар Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысы Антонио Гутерришпен келесі кездесудің Түркия және Грекияның қатысуымен өтетініне келісілгенін білдірді.

 

Ерсин Татар БҰҰ ғимаратында Гутерриштің шақыруымен өткен бейресми кешкі астан кейін өткен баспасөз мәслихатында сұрақтарға жауап берді.

 

Татар: «Мен жаңа көзқарас ұсындым, өйткені федералды шешім талпыныстары 50 жыл бойы сәтсіз болды» деді.

 

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы егемендік теңдігі мен халықаралық мәртебесін растамайынша ресми келіссөздерге қайта келмейтінін атап өтті.  Татар эмбарго мен оқшауланудың салдары күн тәртібінде болғанын айтып, «Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысымен келесі кездесу Түркия мен Грекияның қатысуымен өтетініне келістік» деді.

 

Президент Татар Кипр аралында Оңтүстік Кипр Грек Әкімшілігінің  басшысы Никос Христодулидиспен кездесіп, жаңа шекара қақпаларының ашылуы мәселесін талқылауға шешім қабылдағандарын, егер талаптар қабылданса, жүзеге асатынын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар