Түркия және Иордания сыртқы істер министрлері кездеседі
Хакан Фидан мен Эймен ес-Сафади ертең Анкарада кездеседі.
Түркия Сыртқы Істер Министрі Хакан Фидан ертең Иорданияның Сыртқы Істер Министрі Эймен ес-Сафадимен Анкарада кездеседі. Кездесудің басты тақырыбы Израильдің аймақтағы шабуылдары болмақ.
Министр Фидан Израильдің Газада жүргізген геноцидтік саясаты, Ливанға жасаған шабуылдары және бүкіл аймақты соғысқа тартып алу әрекеттерін тоқтату үшін Иорданияның қолдауының маңыздылығына тоқталады. Сондай-ақ Фидан Ливанда орналасқан Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы Уақытша Миссиясы (UNIFIL) штабына жасалған шабуылдардың ауырлығына назар аударады.
Кездесуде екі ел арасындағы қатынастар да талқыланады.
Бұл негізде қауіпсіздік және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық мәселелері көтерілетін болады.
Министр Сафади Түркияға 2023 жылғы шілдеде де келген, ал екі министр соңғы рет өткен айда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы аясында Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында кездескен.