«Арақашықтық алыс болса да, Кот-д'Ивуар халқы мен түрік халқының бауырластығы мықты»
Нуман Куртулмуш Кот-д'Ивуар Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Адама Биктогомен кездесті.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш Кот-д'Ивуар (Піл Сүйегі жағалауы) Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Адама Биктогомен кездесті.
Нуман Куртулмуш Парламентаралық Одақтың 149-шы Бас ассамблеясы аясында Женева халықаралық конференция орталығында өткен жиында Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Парламенттік Одағының 4 наурызда Абиджанда өткізілген 18-ші конференциясынан бері Палестина мен аймақтағы мәселелердің шиеленісіп бара жатқанын айтты.
Израильдің шабуылдарында 50 мыңнан астам палестиналықтардың шәйіт болғанын атап өткен Куртулмуш «Нетаньяху мен жақтастары» (Израиль премьер-министрі Беньямин) соғысты Ливан, Сирия және Иранға тарату үшін әрекетке көшкенін айтты.
Израильдің аймақтағы шабуылдарының бүкіл әлем үшін мәселеге айналғанын, «Нетаньяху мен жақтастарының» әрекеттері тоқтатылмаса, әлемде жауыз күшті тоқтату мүмкін болмайтынын айтқан Куртулмуш «осы тұрғыда барлық ислам елдері тығыз жұмыс жасап, әрекет етуі керек» деді.
Түркия мен Кот-д'Ивуар арасында ынтымақтастық қарым-қатынастардың даму үстінде екенін мәлімдеген Нуман Куртулмуш «арақашықтық алыс болса да, Кот-д'Ивуар халқы мен түрік халқының бауырластығы мықты» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Стамбул, Анталия және Измир 100 бренд қала тізімінде
Жалпы рейтингте Стамбул 51-ші, Анталия 93-ші, Измир 98-ші орында.