Түркия Ливаннан эвакуация жүргізуде
Түрік азаматтары мен өтініш білдірген басқа елдердің азаматтары түрік кемелерімен Бейруттан эвакуациалануда.
Сыртқы істер министрлігі мен Ұлттық қорғаныс министрлігінің келісімімен Израильдің шабуылы астында қалған Ливаннан басым бөлігі түрік азаматтарынан тұратын топтың эвакуациясы басталды.
Ливанға гуманитарлық көмек жеткізетін Әскери-теңіз күштерінің амфибиялы «TCG Bayraktar» және «TCG Sancaktar» кемелерінің жүктері Бейрут портына түсірілді. Эвакуацияға дайындалғаннан кейін көбі түрік азаматтарынан тұратын топ кедендік тексеруінен өткен соң «TCG Bayraktar-ға» қабылданды.
Кемеге отырғандардың арасында қарттар, мүгедектер, сәбилер мен балалар да бар.
Гуманитарлық көмек түсіріліп, «TCG Sancaktar-ға» да дайындықтардан кейін азаматтар отырғызылды. Рәсімдер аяқталғаннан кейін екі кеме де Түркияға бағыт алды.
Түрік билігіне өтініш білдірген басқа елдердің азаматтары да осы кемелермен эвакуациялануда.
Түркия 2006 жылы 34 күнге созылған Израиль-Ливан соғысы кезінде де түрік азаматтарын эвакуациялаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Стамбул, Анталия және Измир 100 бренд қала тізімінде
Жалпы рейтингте Стамбул 51-ші, Анталия 93-ші, Измир 98-ші орында.
Фахреттин Алтун: «Түркия мықты саясат пен стратегия жүргізе бастады»
Алтун Стамбулда өткен көрме мен кітап тұсаукесеріне қатысты.