TRT байқауының жеңімпаздарына марапаттары табысталды
Собажы «Түрлі географиялардың тарихымызбен, мәдениетімізбен, ұлттық және рухани құндылықтарымызбен танысуына дәнекер боламыз» деді.
Түркия Телерадио Корпорациясы (TRT) Бас директоры Мехмет Захид Собажы TRT-нің цирфлық платформасы «tabii»-дің жақында халықаралық саласын ашатындарын айтты. «Түрлі географиялардың тарихымызбен, мәдениетімізбен, ұлттық және рухани құндылықтарымызбен танысуына дәнекер боламыз» деді ол.
Биыл оныншысы ұйымдастырылған «TRT Болашақтың журналистері байқауының» марапат кеші Анкарада болып өтті.
TRT Бас директоры Мехмет Захид Собажы осында сөйлеген сөзінде корпорацияның мамыр айында табысты 60 жылдығын тойлағанын еске салды.
«TRT Болашақтың журналистері байқауында» биыл «Коммуникация акциясы» категориясын «60-шы жылында TRT» деген тақырыппен өткізгендерін білдірген Собажы байқауға 130 университеттің 2618 студентінің 1702 контентпен қатысқанын атап көрсетті. Собажы «Түркия президентіміз Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында қиын күндерде адам баласы атына бастама көтеріп, күші мен ерік-жігерін көрсетуде. Әртүрлі гуманитарлық дағдарыста атсалысқан Түркияның қоғамдық хабар таратушысы TRT ретінде біз де еліміздің жазықсыздарды қолдайтын үнін жеті құрлыққа жеткізуге тырысамыз» деді.
«TRT World” және “TRT Arabi» телеарналарымен бірге шет тілдердегі цифрлық 8 платформа және 41 тілдегі радио және веб парақшаларымен миллиардтаған адамға үн қатып отырмыз. Жаңалық, деректі фильм, интервью, подкаст секілді категориялардағы контенттерімізді оқырманның ана тілінде жеткіземіз. Айрықша тек өзекті мәселелермен ғана айналысып қана қоймаймыз, сонымен бірге өткен мен болашақ арасына құрылған көпірлер арқылы түбегейлі байланыс орнатудың жолдарын іздестіреміз» деді ол.
TRT Бас директоры Мехмет Захид Собажы «tabii»-дің жақында халықаралық саласын ашатындарын айтып, «Түрлі географиялардың тарихымызбен, мәдениетімізбен, ұлттық және рухани құндылықтарымызбен танысуына дәнекер боламыз» деді.
«ТRT ретінде біз жастарымызды қолдау бағытында жаңа қадамдар жасауды жалғастырудамыз. Осы тұрғыда осы жылдың қаңтар айында TRT академиясының шаңырағы астында білімімізді, тәжірибемізді және техникалық мүмкіндіктерімізді пайдалануға ұсындық. Жастарымыздың армандарын тәжірибемен ұштастыра отырып, еліміздің үні мен тынысы болатын білікті журналистерін тәрбиелеуді мақсат етеміз» деді ол.
Собажы байқауда жүлде алған жастарды құттықтап, үлес қосқандарға алғысын білдірді.
Артынан Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун мен Собажы 12 санатта орын алған жастарға марапаттарын табыстады.