"Үнсіз қала алмаймыз"

Президент Ердоған Министрлер кабинеті отырысынан кейін мәлімдеме жасады.

2193212
"Үнсіз  қала алмаймыз"

Президент Режеп Тайып Ердоған «Бүкіл аймақты өртеп жіберген бұл израильдік бандитизмге халықаралық қауымдастық енді үнсіз қала алмайды» деді.

Президент Ердоған Министрлер кабинеті отырысынан кейін мәлімдеме жасады. Ердоған Израильдің Ливанға шабуылдарын одан әрі арттырғанын, Израильдің соңғы 2 аптадағы шабуылдарынан көбі балалар, барлығы 1000-нан астам ливандықтың қаза тапқанын білдірді.

Ердоған бүгін Израильдің шабуылына ұшыраған Палестина мен Ливанды қорғаудың адамзатты, бейбітшілікті және әртүрлі нанымдардың бірге өмір сүру мәдениетін қорғау екенін атап көрсетті. «Газа, Иордан өзенінің батыс жағалауы және Ливандағы қысымға ең үлкен жауапты ислам елдері беруі керек. Мұсылмандар ретінде біз зұлымдықтың алдын алуда әлемге жетекшілік етуіміз керек» деді ол.

Израильдің шабуылдарына қатысты маңызды нәрсенің Ислам әлемінің көзқарасы екеніне назар аударған Ердоған “Қан мен өшпенділікке тоймайтын радикал сионистер аймақты және бүкіл әлемді отқа орауда. Бұл қатыгездікті, айуандықты ешқашан қабылдай алмаймыз. Халықаралық қауымдастық бұдан былай Израильдің жауыздығына үнсіз қала алмайды” деді.

«Халықаралық қауымдастық пен ислам әлемін аймағымыздағы мұсылмандар, еврейлер және христиандардың, барша адамның тыныштығы үшін әрекет етуге шақырамыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар