Венесуэла мен Түркия қарым-қатынастары нығаюда
Президент көмекшісі Йылмыз Венесуэлалық министрді қабылдады.
Президент көмекшісі Джевдет Йылмаз ел астанасы Анкараға келген Венесуэла президентінің орынбасары және Мұнай министрі Делси Родригеспен кездесті.
Президенттік кешенде өткен кездесуде өңірлік және жаһандық мәселелер, сондай-ақ екі ел арасындағы білім, мәдениет және сауда салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.
Кездесуде Йылмаз 28 шілдеде Венесуэлада өткен сайлауда Николас Мадуроны президенттікке қайта сайлануына байланысты құттықтады.
Екі ел арасындағы сауда көлемін 3 миллиард долларға жеткізу және сауданы дамыту үшін көбірек қадам жасау керектігін айтқан Йылмаз энергетика және туризм салаларындағы ынтымақтастықты арттырудың маңыздылығына тоқталды.
Йылмаз Венесуэланы Израильдің шабуылдарына қарсы ұстанымы үшін құттықтап, Венесуэланың проблемаларын диалог арқылы шешу үшін демократиялық біліктілік пен ұйымдық қабілеті бар екенін айтты.
Родригес президент Режеп Тайып Ердоған мен Венесуэла президенті Николас Мадуро арасындағы достық қарым-қатынасқа назар аударып, ынтымақтастық мүмкіндіктерін арттыру үшін Йылмазды Венесуэлаға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
«Оруч Рейс» Суэц каналынан өтіп, Сомалиге бағыт алды»
Министр Байрактар «Х» әлеуметтік желі парақшасында «Оруч рейс» кемесіне байланысты жазба бөлісті.
«Әлемнің ең ықпалды мемлекет қайраткерлерінің бірі - Президент Режеп Тайып Ердоған»
Сербия Президенті Александр Вучич Президент Ердоғанның Сербия сапарына қатысты жазба бөлісті.