Босқындар Түркияға жіберілмейді

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникациялар басқармасы неміс баспасөзіндегі мәлімдемелерді жоққа шығарды.

2192957
Босқындар Түркияға жіберілмейді

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы Германияда заңды тұруға рұқсаты жоқтардың Түркияға жіберілетіні туралы мәлімдемелерді жоққа шығарды.
Коммуникация басқармасының жалған ақпаратпен күресу орталығының жасаған мәлімдемесінде неміс баспасөзінің кейбір әлеуметтік медиа аккаунттарында «Германиямен баспана іздеуші/босқын келісімі жасалды, 200 босқын Түркияға жіберілді» деген хабарлардың жалған екені айтылды.
«200 босқын Түркияға жіберілді» деп алға тартылған суреттердің Фетуллахшы террор ұйымының үгіт-насихат есептері арқылы жарияланғаны атап өтілді.
Басқарма қоғамдық пікірді манипуляциялауға бағытталған іс-әрекеттерге сенбеуге шақырды.



Ұқсас жаңалықтар