«Біріккен Ұлттар Ұйымына тұрақты мүше болуға ұмтылудамыз»
Президент Стамбулда журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) тұрақты мүше болу үшін ұмтылып жатқанын айтты. Президент Ердоған Стамбулда журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымын сынаған Президент Ердоған БҰҰ-ның бес тұрақты мүшесінің әлемді басқарып отырған елдер екенін айтты.
Біріккен Ұлттар Ұйымында құрылымдық реформа қажет екенін және Қауіпсіздік Кеңесінің 5 тұрақты мүшесінің дауысынсыз шешім қабылданбайтынын атап өткен Президент «Біз де тұрақты мүше болуға ұмтылудамыз» деді.
Грекиямен қарым-қатынастарға тоқталған Ердоған алдағы жылдың басында Грекиямен Жоғары деңгейдегі стратегиялық кеңес отырысын өткізетіндерін және дайындықтың жалғасып жатқанын білдірді.
Грекияның Эгей теңізінде жиілеген заң бұзушылықтарына қатысты Ердоған бұл мәселені Жоғары деңгейдегі стратегиялық кеңес отырысында талқылайтындарын, Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакистің де осы мәселені шешетінін білдірді.
Әзербайжан мен Армения арасындағы қарым-қатынастарды бағалаған Ердоған Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесіп, Әзербайжан мен Армения арасындағы мәселелерді талқылағандарын айтты.
Ердоған Пашинянның бұл мәселеде оң көзқараста екенін білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
"Израиль басқыншылығын әлемге паш ету үшін жұмыс жасаймыз"
Фахреттин Алтун журналистердің өлтірілуіне наразылық білдірді.