Сакария шайқасына 103 жыл толды
Ататүріктің қолбасшылығында тарихқа «Түріктің жеңісі» деген атпен енген Сакария шайқасына 103 жыл толды.
Мұстафа Кемал Ататүріктің қолбасшылығында 22 күнге созылған қызу қақтығыстан кейін жеңіспен аяқталып, тарихқа «Түріктің жеңісі» деген атпен енген Сакария шайқасына 103 жыл толды.
Тәуелсіздік соғысы кезінде Анадолы жау басқыншылығында болған кезде түрік әскері Эскишехир шайқасынан кейін 100 шақырымдық өрісті тастап, Сакария өзенінің шығысына қарай шегінді.
1921 жылы 13 тамыз күні шабуыл бастаған грек армиясы 23 тамыз күнінен бастап Сакария бекіністерінің оңтүстік бағытына шабуыл бастады.
Шамамен 100 шақырымдық майданда үлкен қақтығыстармен басталған соғыс тарихтың маңызды шайқастарының бірі болды.
Грек армиясының түрік қорғаныс шебін кейде бұзғанын осындай ортада Бас қолбасшы Мұстафа Кемал Паша 26 тамыз күні өзінің «Саптық қорғаныс жоқ, беткі қорғаныс бар. Ол – бүкіл Отан. Елдің әрбір қарыс топырағы азаматтың қанымен суарылмайынша, тастап кетуге болмайды» деген тарихи бұйрығын берді.
Бас қолбасшылықтан бұл бұйрықты алған түрік әскері мен грек әскері арасында кейінгі күндерде қақтығыс бар күшімен жалғасты.
Жан-тәнімен соғысқан түрік күштерінің 23-30 тамыз күндері арасында қарқынды шабуылдарына қарамастан қоршай алмаған грек әскерлері бұл жолы Хаймана бағытында бақтарын сынамақ болды.
Осы шабуылда да табысқа жете алмаған, саптарын қорғап сонда қалуға тырысқан грек әскерлері түрік армиясының 10 қыркүйекте бастаған жалпы қарсы шабуылда ауыр жеңіліске ұшырады.
22 күн мен 22 түнге созылған Сакария шайқасы 1921 жылы 13 қыркүйекте Сакария өзенінің шығысындағы жауды толығымен талқандады.
Жеңілістен аман қалған грек әскерлері болса Сакария өзеніне батып кетті.
Тарихтың бағытын өзгерткен бұл жеңіс түрік халқының бас имейтінін әлемге тағы да жария етті.
Түрік әскерінің грек әскерін жеңген Сакария шайқасы Тәуелсіздік соғысының жеңісінің ең үлкен хабаршысы болды.
Ұқсас жаңалықтар
Германия канцлері Олаф Шольц Түркияға келеді
Бұл туралы Германия үкіметі баспасөз хатшысының орынбасары Вольфганг Бюхнер мәлімдеді.
«Оруч Рейс» Суэц каналынан өтіп, Сомалиге бағыт алды»
Министр Байрактар «Х» әлеуметтік желі парақшасында «Оруч рейс» кемесіне байланысты жазба бөлісті.