Жаңа табиғи газ қалқымалы платформасы Сингапурдан жолға шықты

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар мәлімдеме жасады.

2186151
Жаңа табиғи газ қалқымалы платформасы Сингапурдан жолға шықты

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар Сакария газ алаңында қолданылатын табиғи газ платформасын Сингапурда жаңғырту жұмыстарының аяқталғанын атап, «Жаңа табиғи газ қалқымалы платформасы 26 немесе 27 қыркүйекте келеді. Қазіргі уақытта Жерорта теңізінде жүзуде. Онымен өндірісті еселеуді мақсат етіп отырмыз» деді.

Министр Байрактар ​​"​​Оруч Реис" бұрғылау кемесін осы айдың аяғында немесе қазан айының басында Сомалиге жіберетіндерін білдірді.

Министр Байрактар ​​Оруч Реис кемесін осы айдың аяғында немесе қазан айының басында Сомалиге жіберетіндерін атап, «Кеме бұл аймақтарда 3D сейсмикалық зерттеулер жүргізеді» деді.

Министр Байрактар ​ өз сөзінде пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу технологиясы үшін Қытайға қоса әртүрлі елдермен келіссөздер жүргізілетінін мәлімдеді.

Байрактар ​​Түркияның мұнай өндірісінің қарқынды түрде жалғасып жатқанын білдіріп, «Өндіріс көлемін арттыра отырып, міндетті түрде жылына 2, 3 немесе 4 ұңғыма қазу мақсатымыз бар» деді.



Ұқсас жаңалықтар