Президент Ердоған Қырым саммитіне бейне хабарлама жолдады

Президент Ердоған «4-ші Қырым платформасы көшбасшылар саммитіне» бейне хабарлама жолдады.

2186101
Президент Ердоған Қырым саммитіне бейне хабарлама жолдады

Президент Режеп Тайып Ердоған “Украинаның аумақтық тұтастығы, егемендігі мен тәуелсіздігіне берген қолдауымыз мәңгі. Қырымды Украинаға қайтару – халықаралық құқықтың талабы» деді.

Президент Ердоған «4-ші Қырым платформасы көшбасшылар саммитіне» бейне хабарлама жолдады.

Украина президенті Владимир Зеленский мен Қырым татар түріктерінің ұлттық көшбасшысы Мұстафа Джемилевке алғысын білдірген Ердоған биылғы саммиттің Қырым татар халқының қуғынға ұшырауының 80 жылдығымен тұспа-тұс келгенін еске салды.

Туған жерінен күштеп жер аударылған Қырым татар түріктерінің көрген қайғы-қасіретінің 80 жылдан бері басылмағанын білдірген Ердоған «Алғаш күннен бері Түркия қарсы шыққан және мойындамаған Қырым аннексиясы азапты одан әрі тереңдете түсті. Украинаның аумақтық тұтастығы, егемендігі мен тәуелсіздігіне берген қолдауымыз мәңгі. Қырымды Украинаға қайтару – халықаралық құқықтың талабы» деді.

Қырымның байырғы халықтарының бірі ретінде Қырым татар түріктерінің қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің Түркияның сыртқы саясатының басымдықтары арасында екеніне назар аударған Ердоған «Украина үкіметінің Қырым татар түріктерінің құқықғын күшейту үшін басшылық танытқан заңдық реттеулерге риза екенімді білдіргім келеді. Алдағы кезеңде Қырым татар түріктерінің құқықтарын күшейтетін қосымша қадамдар жалғасады деп ойлаймын» деді.

Ердоған Қырым татар түріктерінің өз отанында еркін, қауіпсіз және бейбіт өмір сүруге құқығы бар екенін атап Қырым Татар Ұлттық Мәжілісі төрағасының орынбасары Нариман Джелалдың 3 жылға жуық тұтқында болған соң маусым айында босатылуы қуантады. Асан мен Әзиз Ахметов ағаларымыз бар қырымдық татар қандастарымыздың тезірек бостандыққа қол жеткізуін күтеміз.

Соғыстың Украинаның аумақтық тұтастығы, егемендігі мен тәуелсіздігі негізінде әділ және тұрақты бейбітшілікпен аяқталуы шын тілегіміз. Сөзімді қорыта келе, платформа аясында жүргізген жұмыстың Қырымда, Украинада және аймақта бейбітшілікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық күш-жігерге септігін тигізетініне сенемін. Қуғын-сүргінінің 80 жылдығында дүниеден өткен қырым-татар түрік қандастарымызды тағы бір рет құрметпен еске аламын» деді.



Ұқсас жаңалықтар