Өзбекстанда үш жақты кездесу өтеді
Хакан Фидан, Али Йерликая және Ибрахим Калын Өзбекстанға барады.
Ертең Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Ішкі істер министрі Али Йерликая және Ұлттық барлау ұйымы төрағасы Ибрахим Калынмен бірге Өзбекстанға барады.
Дипломатиялық дереккөздерден алынған мәліметке сәйкес Фидан, Йерликая және Калынның Өзбекстанға сапары барысында алғаш рет «үш жақты кездесу форматында» кеңесулер өтеді. Онда екіжақты саяси-экономикалық қарым-қатынастар мен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады. Одан бөлек Түркия мен Өзбекстан арасындағы институттық саладағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға бағытталған зерттеулерді пысықтау көзделуде.
Іссапар аясында министр Фиданның өзбек әріптесі Бахтияр Саидовпен кездесуі жоспарланған.
Жиында маусымда Түркияда өткен Түркия-Өзбекстан жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысында қабылданған шешімдер де қадағаланады.
Кездесу барысында экономика, қорғаныс өнеркәсібі, энергетика, көлік, мәдениет, білім, ретсіз көші-қон, терроризммен күрес және қауіпсіздік салаларындағы қарым-қатынастар талқыланады деп күтілуде.
Ресми сапарда Түрік Мемлекеттері Ұйымынан бастап аймақтық жаңалықтарымен халықаралық және аймақтық ұйымдар ынтымақтастығы жан-жақты талқыланады.
Сондай-ақ Фиданды Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев қабылдайды деп күтілуде.