Министр Фидан шетелдік әріптестерімен кездесті

ТР Сыртқы істер министрлігі кездесулер туралы әлеуметтік желіден хабарлама жариялады.

2185775
Министр Фидан шетелдік әріптестерімен кездесті

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан кеше Мысырдың бас қаласы Каирде Сауд Арабиясы, Тунис және Ливан сыртқы істер министрлерімен кездесті.

ТР Сыртқы істер министрлігінің «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан жасалған хабарламада «Министр Хакан Фидан Араб Лигасы 162-ші Сыртқы істер министрлері кеңесі жиналысы аясында Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Файсал ибн-Фарханмен Каирде бас қосты» делінді. Тағы бір хабарламада да Фиданның сапары аясында Тунис Сыртқы істер министрі Мұхаммед Али эн-Нефти және Иордания Сыртқы істер министрі Айман әл-Сафедимен кездескені атап көрсетілді.

13 жылдан кейін Араб Лигасының 162-ші кезекті Сыртқы істер министрлері кеңесі отырысына Түркияның атынан қатысқан министр Фидан баяндама жасады.



Ұқсас жаңалықтар