Түркия Израильдің шабуылын айыптады
Израиль армиясының шабуылында кемінде 40 адам қаза тапты.
Түркия Израильдің Хан Юнистегі шабуылын айыптады.
Сыртқы істер министрлігі бұл туралы мәлімдеме жариялады. «Израильдің Хан Юнисте жарияланған «гуманитарлық аймақта» бейбіт тұрғындар тұрған шатырларға шабуыл жасап, ондаған палестиналықты қырғанын айыптаймыз» деп айтылды. Министрлік геноцид жасаушы Нетаньяху үкіметінің соғыс қылмыстарына тағы бірінің қосылғанына назар аударды.
«Осы қылмысты істегендер халықаралық құқық алдында міндетті түрде есеп береді» деп айтылды. Мәлімдемеде сонымен бірге «Палестиналықтардың әділет және еркіндік күресінде жанында боламыз» деп атап көрсетілді.
Израиль армиясының шабуылында кемінде 40 адам қаза тапты.
Ұқсас жаңалықтар
«Түрік Мемлекеттері Ұйымы ̶ халықаралық жүйенің жаңа синергия орталығы»
Президент Ердоған Түрік мемлекеттері ынтымақтастығы күнімен құттықтады.