"Туризмдегі мақсатымызға жетеміз"

Ердоған кабинет отырысынан кейін халыққа үндеу жасады.

2185474
"Туризмдегі мақсатымызға жетеміз"

Президент Режеп Тайып Ердоған туризм маусымының жақсы өткенін, Түркияның 60 миллион турист мақсатына жететінін айтты.

Ердоған кабинет отырысынан кейін халыққа үндеу жасады.

Президент 1 қыркүйекте пайдалануға берілген «Rixos Tersane Стамбул» қонақүйінің Стамбулдың туризмі мен таныстырылуына елеулі үлес қосатынына сенетінін білдірді.

Стамбулға өткен жылы 17 миллион 370 мың турист келгенін және ел көлемінде әлемнің түкпір-түкпірінен 56 миллион 700 мың адам қонақта болғанын айтқан президент Ердоған «Биылғы мақсатымыз 60 миллион турист және 60 миллиард доллар туризм кірісі.  Жылдың алғашқы 7 айында 35 миллион турист келді. Өңіріміздегі қызу қайшылықтарға қарамастан, туризмдегі 2024 жылғы мақсаттарымызға қол жеткіземіз деп сенеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар