Президент Ердоғаннан Ислам елдеріне шақыру
Түркия Президенті «Ислам Ынтымақтастық Ұйымы басшылық деңгейінде шұғыл жиналуы керек» деді.
Президент Режеп Тайып Ердоған Израильдің аяусыз шабуылдарына бей-жай қараудың мүмкін емес екенін айтып, Иерусалим үшін күресі міндеттелген Ислам Ынтымақтастық Ұйымының басшылық деңгейінде жиналып, ислам әлемінің айқын ұстанымын шұғыл көрсетуі керектігін атап көрсетті. Ердоған Президенттік кабинет отырысынан кейін халыққа үндеу жасады.
Газада атысты тоқтату және көмектің кедергісіз кіруі үшін Мысыр билігіне қолдау көрсеткендерін білдірген Ердоған «Израиль экспансионист саясатын жеделдетіп жатқанда аймақ елдерімен ынтымақтастықты нығайту керек. Газа секторындағы геноцидке қарсы Ислам әлемінің шешуші батыл позиция ұстануы үшін әрекеттерімізді күшейтеміз» деді.
Ердоған қазір Израиль үкіметінің басып алу саясаты алғашқы қағба болып табылатын әл-Ақса мешітін де қамтитындай кеңейтуді көздейтіні анық екеніне назар аударып, «Сионистердің Әл-Харам мешітіне қысым мен шабуылдары артып келеді. Біз мұның бәрін мұқият қадағалаймыз» деді.
Ұқсас жаңалықтар
«Түрік Мемлекеттері Ұйымы ̶ халықаралық жүйенің жаңа синергия орталығы»
Президент Ердоған Түрік мемлекеттері ынтымақтастығы күнімен құттықтады.