"Нетаньяхуға қолдау көрсеткендер де жауапқа тартылады"

Фидан Каирде өткен Араб Лигасы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 162-ші отырысында сөз сөйледі.

2185593
"Нетаньяхуға қолдау көрсеткендер де жауапқа тартылады"

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан "Нетаньяхуды қолдауды жалғастыратындар да геноцидке ортақ деген сөз. Олар да жауапқа тартылады"-деді.

Фидан Мысырдың астанасы Каирде өткен Араб Лигасы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 162-ші отырысында сөз сөйледі. Ол  Израильдің Иерусалимнің болмысын өзгерту және Харам әл-Шарифтегі тарихи статус-квоны бұзу әрекеттерінің заңсыз екенін айтты. «Полиция қорғауындағы Харам әл-Шарифке жүздеген радикал израильдіктердің шабуылы – арандатушылық» -деді ол.

Фидан министрлердің мұндай арандатушылықтарға араласуы Израиль үкіметінің моральдық күйреу дәрежесін көрсететінін атап айтты және былай деді: "Барлығы мынаны білуі керек: Ислам әлемі Харам әл-Шарифтің исламдық болмысын сақтау үшін барын салады. Дәл осы рухта біз Израильдің әрекеттерін тоқтату мақсатында халықаралық қауымдастыққа қысым көрсету үшін ортақ әрекетімізді жалғастырамыз".

Түркияның Газа мәселесіне байланысты Оңтүстік Африканың бастамасымен Халықаралық Әділет Сотына қосылу туралы мәлімдеме жасағанын еске салған Фидан Газадағы қантөгістің Израильдің бұрынғы шабуылдарының жазасыз қалуының тікелей нәтижесі екеніне назар аударды.

Сыртқы істер министрі Фидан "Бұл жолы басқаша болуы керек. Жауаптылар халықаралық соттарда жауап беруі керек. Бір нәрсені анық айту керек: Нетаньяхуды қолдап жатқандар да жалғасып жатқан геноцидке ортақ. Олар да жауапқа тартылады" деді.



Ұқсас жаңалықтар