Түркияның көмегі таратылды
Суданға жіберілген гуманитарлық көмек елдің 13 аймағына жеткізілді.
Түркияның Суданға жіберген гуманитарлық көмегі елдің 13 аймағына жеткізілді.
Апат және төтенше жағдайларды басқару төрағалығының (AFAD) координациясымен шілде айында Суданға жіберілген гуманитарлық көмек Түрік Қызыл Жарты Ай және Судан Қызыл Жарты ай қоғамдарының ынтымақтастығымен елдің 13 аймағына жеткізілді.
Суданның шығысындағы Порт-Судан қаласында қоныс аударғандар паналанған орталықта көмек таратылды.
Рәсімге Түркияның Судандағы елшісі Фатих Йылдыз, Түрік Қызыл жарты ай қоғамының халықаралық бағдарламалар және операциялар дирекциясы Африка бөлімшесінің менеджері Алекс-Жак Реми, Судан Қызыл жарты ай ұйымының бас хатшысы Айда Сейид Абдулла және жергілікті билік өкілдері қатысты.
Түрік Қызыл жарты ай қоғамының Африка бөлімшесінің менеджері Реми мәлімдемесінде «Суданда жалғасып жатқан гуманитарлық дағдарысқа байланысты 19 шілдеде Порт Суданға жеткен кемемен әртүрлі азық-түлік, баспана, гигиена, киім-кешек, дәрі-дәрмек және медициналық құрал-жабдықтардан тұратын барлығы 2408 тонна көмек жіберілді жеткізілді» деді.