Сисидің Түркия сапары араб баспасөзінде кең орын алды
Мысыр президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисидің Түркияға ресми сапары араб баспасөзінде кеңінен орын алды.
Мысыр президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисидің Түркияға жасаған ресми сапары араб баспасөзінде кеңінен орын алды.
Мысырдың ресми газеттерінің бірі «Әл-Жумхуриййе» сапарды «Сиси-Ердоған саммиті Мысыр мен Түркия арасындағы жаңа кезеңнің басы» деген тақырыппен жарияласа, елдің екінші ресми газеті «Аль-Эхрам» сапарды «Мысыр мен Түркия дағдарысқа қарсы күресте бірге» және «Стратегиялық ынтымақтастық кеңесі: екі ел арасындағы қарым-қатынастардың сапалы дамуы» тақырыптарын қолданған.
Мысырдың «Әл-Йевм Ас-Саби» газеті де «Мысыр-Түркия қарым-қатынастарында жаңа кезең» деген тақырыппен «тарихи» деп бағалаған сапарға орын берген.
Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) ресми ақпарат агенттіктері Мысыр президенті Сисидің Анкараға сапары туралы хабарды шұғыл жаңалық ретінде оқырмандарына жеткізді.
Кувейт пен Оманның ресми ақпарат агенттігі де Мысыр президенті Сисидің Түркия сапарына арналған тақырыпқа орын берді.
Сауд Арабиясының «Әл-Шаркул Авсат» газеті Сисидің сапарын «Мысыр мен Түркия достықтың жаңа кезеңін құру жолында» деген тақырыппен жариялаған.
Газет хабарында «Мысыр президенті Сисидің Түркияға сапары әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты нығайту және аймақтық мәселелер бойынша кеңесуді тереңдету негізінде екі ел арасындағы достықтың жаңа кезеңінің құрылуына көкжиектер ашты.
Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Халич» газеті де Сисидің Анкараға сапарын «Сиси мен Ердоған Мысыр мен Түркия арасындағы жаңа кезеңді бастады» деген басты тақырып қолданған.
Орталығы Катарда орналасқан «Әл-Жазира» телеарнасы Сисидің 12 жылдан кейін Түркияға жасаған алғашқы сапарын көрермендеріне жеткізді. Сауд Арабиясының «Әл-Арабия» телеарнасы бұл сапарды «тарихи және бірегей» деп сипаттады.
Мысыр президенті Сиси президент Ердоғанның шақыруымен 4 қыркүйек күні Түркияға ресми сапармен келген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Түркиялықтар Палестина үшін шеру жасайды
Түркия бойынша 6 қазан жексенбі күні Палестинаға қолдау көрсету үшін шеру өткізіледі.
«Түрік Мемлекеттері Ұйымы ̶ халықаралық жүйенің жаңа синергия орталығы»
Президент Ердоған Түрік мемлекеттері ынтымақтастығы күнімен құттықтады.